КҮРСІНЕМІН ӨМІРГЕ.
Күрсінемін өмірге,
Құлақ тосып күбірге.
Алаңдаймын не үшін
Риза болмай бұл күнге?
Өмір деген ақша ғой,
Көрген түсің басқа ғой!
Бұраңдаған жол жатыр
Мазалайды баста ой.
Бұлттар тарап бір шетке,
Зырлайды кеп Күн көкте.
Кешкі құрым қанталап
Батып жатыр өзекке .
Қайран қалып қараймын,
Қандай өлең арнаймын.
Жанымды жеп барады
Шындық қайда қайранмын?!
Өзгерілді замандар ,
Баяғы бір адамдар.
Бәрі бірдей бір емес
Ішінде бар сараңдар!
Көрінгенмен кездесіп ,
Өтірік сөз -желдетіп.
Екі достың арасын
Бүлдіреді тездетіп .
Өскені ғой сабаздың ,
Көмегі көп қағаздың.
Білдірместен біреуге
Сүйтіп қана «ор» қаздың.
Обал-сауап ойда деп ,
Көзді жұмып қайда деп ?
Жоспар құрып тағыда
Маған түсті пайда деп ?
Жүргендер көп жүгенсіз,
Еркіндік қой – білсеңіз.
Өсектерін боратқан
Қандай өмір сүреңсіз.
Бар байлыққа қол жетті,
Жекеленіп жер кетті !
Қариялар бас болып
Тиялмады тентекті ?
Арыздарын айдаған ,
Ақшасымен байлаған.
Қабат-қабат үй салып
Өлімменен ойнаған.
Арамдар көп осындай,
Адал жанға қосылмай.
Дарыны жоқ ақыннан
Дұрыс өлең жазылмай
Ойдан құрап бөспе жыр,
Көп ақындар шетте жүр.
Пайдасы жоқ адамға
Жеке меншік істеп тұр!
Осыларға қарасаң ,
Өмір – өлең топалаң ?!
Ие болып өнерге
Қашан атар жаңа таң ?!