Жүрек… Мен…
Сансыз жұлдыз тауып көктен тұрағын,
Көңiлiмдi тербетуде түн-ағын…
Бағанды ұқпай,арына артқан күнә мың,
«Сұм жүректiң» хәлiн несiн сұрадың… Мына әлемнiң тыныштығын торып түн,
Алайда мен тынши алман, соны ұқтым…
Шаттығымды түгесердей жонып мұң…
Қаңғалақтап,қашқақтаушы ем сезiмнен,
Әттең,тағы жүрегiммен жолықтым…
Сақтай алмай сендей сұлу,нәзiктi,
Көп адасып,қадiрiндi аз ұқты.
Сенсiз бүгiн тым жүдептi,азыпты…
Талғау етiп шабыт атты азықты,
Саған арнап тағы да өлең жазыпты,
Халi солай бұл жүректiн… Мән берме,
Бәрiне өзi жазықты…
Заңдылықтан жаңылмаса паң әлем,
Сiрә,өзiн кешiрер деп дәмемен,
Жүрек сорлы жаза берер әлi өлең…
Қойшы бәрiн,сәлем жолдап отырмыз,
Жүрек және Мен…
↧
Комментарий к записи Конак кiтапшасы! (сiздiн олендер) (Нұр)
↧